Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.

Арнайы психологияның жеке бағыттары:

·         кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология),

·         саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология),

·         соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология),

·         психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы,

·         сөйлеуінде бұзылыстары бар балалар психологиясы (логопсихология), ,

·         қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.

 

Арнайы психология психолошияның келесі салаларымен байланысты: балалар, жас ерекшелік және педагогикалық психология, психофизиология және нейропсихология. Дегенмен арнайы психологияны оған жақын патопсихология мен клиникалық психологиядан  айқын ажырата білу қажет.