Available courses
Пән мазмұны: Осы пәнді зерделеу нәтижесінде нарықтық экономиканың барлық аспектілері, сондай ақ бизнесті ұйымдастыру әдістері және нысандарын қолдану аясында және кәсіпкердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін барлық ресурстарды жоспарлаудың ең тиімді варианттарын анықтау мен кәсіпкерлік қызметте оның тиімді дамуы ҥшін жоспарлау және ұйымдастыруда дұрыс шешімдер қабылдай алу мен жағдайлық талдау және басқару жұйесінің экономикалық әдістерін, белгісіздік және тәуекел жағдайында математикалық талдау және қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдай білу қарастырылады.
- Teacher: Алтынай Бодыкова
Пәннің мақсаты: Студенттерге сызба геометриясы, кеңістік көріністер және кеңістіктік қиял дағдылары-инженерлік ойлаудың жоғары деңгейін сипаттайтын және қолданбалы есептерді шешуге қажетті қасиеттерді дамыту.
Пәннің міндеттері: Сызба геометриясының әдістері техникалық сызу есептерін шешудің теориялық негізі болып табылады.
- Teacher: Нейла Дуйсебекова
Білім алушыны кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Теориялық және практикалық дағдыларымен қамтамасыз ету. Теориялық терең білім мен практикалық іскерлік болашақ мұғалімге оқушыларды көркем өнерінің сауаттылығына үйретуде, шығармаларды түсінуде әсерлі қабылдауда және осы арқылы тәрбиелеуге көмектеседі. «Материалдарды өңдеу практикумы»пəнінің негіздерін үйрету;
Осы пәнді зерделеудің міндеті теориялық білім алу, практикалық дағдылар мен шығармашылық жұмыстарын әзірлеу мен оқу біліктіліктерін меңгерту болып табылады.
Пәннің мазмұны:Жаңа материалдар жасау және бұйымдар шығару, материалдарды өңдеудің заманауи технологиялары саласындағы жобалық және өндірістік –технологиялық
- Teacher: Нейла Дуйсебекова
Пәнің мақсаты көркем білім беру, эстетикалық тәрбие, рухани-адамгершілік даму үшін жағдай жасау дағдыларын дамыту, көркем шығармашылық салаындағы бастапқы білім, дағдылар кешенін қалыптастыру, ұсақ моториканы, кеңістік ойлауды және эстетикалық талғамды дамыту.
Пәннің міндетті: Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін және көркемдік талғамын дамыту қарастыралады.
Пәннің мазмұны: Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен білім алушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негіздлеледі. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.
- Teacher: Нейла Дуйсебекова
Пән ұңғыны жөндеу және оқшаулау жұмыстарын оқуды және зерттеуді қарастырады өнімді қабаттарды ашуды, кездесуі мүмкін шиеленістерді алдын алу, бұрғылау жабдықтарын білікті пайдалануды және қауіпсіз жұмыс жасауды үйрету.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы
Студенттерді еліміздің бірінші байлығы- мұнайдың шығу тегі, Қазақстандағы және алыс жақын шет елдердегі мұнай кенорындары, қазбаларымен таныстыру. Мұнайды өндіру тәсілдері, өңдеу әдістері, тасымалдау түрлерімен таныстыру. Мұнайдан алынатын өнімдердің халық шаруашылығының түрлі салаларында қолданылуын іс жүзінде дәлелдеп көрсету. Біздің еліміз үшін мұнайдың қаншалықты маңызды екенін ашып түсіндіру.
Теориялық білімдерімен қаруландыру, алған білімдері мен біліктерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы
Математикалық физика есептері пәні — физика мен математика арасындағы байланысты терең түсіну мен қолдануға бағытталған пән болып табылады. Бұл пәнде физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық үлгілерін құру, оларды шешу және талдау үшін қолданылатын әдістер мен техника зерделенеді.
Математикалық физика есептері пәнінің негізгі мақсаты — студенттерге физикалық процестерді математикалық әдістермен шешудің дағдыларын қалыптастыру. Бұл есептерде қолданылатын әдістер мен құралдар әр түрлі физикалық заңдылықтарды сипаттау үшін кеңінен пайдаланылады, мысалы, механика, термодинамика, электродинамика, кванттық физика, және басқа да көптеген салалар.
Пәннің негізгі аспектілері:
-
Дифференциалдық теңдеулер: Физикалық процестерді сипаттайтын негізгі математикалық құралдар болып табылады. Олар үшін аналитикалық және сандық шешу әдістері зерттеледі.
-
Жоғары өлшемді кеңістіктер: Физикада көпөлшемді кеңістіктерде шешілетін проблемалар қарастырылады, мысалы, көп денелердің өзара әсері, өрістер теориясы, және т.б.
-
Сызықтық емес жүйелер: Сызықтық емес құбылыстар мен олардың шешімдеріне арналған әдістер, мысалы, хаос теориясы, толқындар, дисперсиялық эффектілер және т.б.
-
Өрістер теориясы: Электромагниттік өрістер, гравитациялық өрістер және басқа да физикалық өрістердің математикалық моделі мен олардың динамикасын зерттеу.
-
Сандық әдістер: Қиын дифференциалдық теңдеулерді шешуде сандық әдістер мен компьютерлік модельдеулердің маңызы зор.
-
Физикалық мәселелердің математикалық модельдері: Әртүрлі физикалық құбылыстарды модельдеу арқылы, олардың математикалық түрде шешімін табу.
Математикалық физика есептерінің қолданылуы:
- Физикалық құбылыстарды түсіну және оларды болжау.
- Физикалық теорияларды нақтылау және эксперименттік нәтижелермен салыстыру.
- Инженерлік және ғылыми жобаларды шешуде қажетті математикалық құралдарды қолдану.
- Сандық модельдер мен компьютерлік симуляциялар арқылы жаңа құбылыстарды зерттеу.
Бұл пәннің маңыздылығы физика мен математика арасындағы терең байланысқа негізделген, себебі физикалық мәселелерді математикалық тұрғыдан шешу арқылы олардың табиғаты мен динамикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
- Teacher: Ултай Ешимова
- Teacher: Жангельды Шаймбетов

Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
· кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология),
· саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология),
· соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология),
· психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы,
· сөйлеуінде бұзылыстары бар балалар психологиясы (логопсихология), ,
· қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Арнайы психология психолошияның келесі салаларымен байланысты: балалар, жас ерекшелік және педагогикалық психология, психофизиология және нейропсихология. Дегенмен арнайы психологияны оған жақын патопсихология мен клиникалық психологиядан айқын ажырата білу қажет.
- Teacher: Жангельды Шаймбетов
|
Пәннің мақсаты: Инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды, математикалық іс-әрекетін сипатына сай ойлауды, қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастырады. |
|
Пәннің міндеттері: Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар теориялық негіздерін, негізгі ұғымдары мен анықтамаларын білу және оны қолдана білу іскерліктері; жаңа технологияның даму бағыттары мен қолданылу аясын кеңейту түсу құралдарын қолдана білу іскерліктері; электронды кестеге мәліметтер енгізу, кестелер құру, оларды өңдеу құралдарын пайдалана білу іскерліктері; электронды кестелерде аналитикалық геометрия есептерін, теңдеу жүйесін шешу және матрицаларды өңдеу функцияларын қолдану іскерліктері; енгізілген мәліметтерді графикалық құралдар көмегімен болжау, яғни диаграмма түрінде көрсету тәсілдерін білу іскерліктері; электрондық кестедегі мәліметтер негізінде мәліметтер базасын құру тәсілдерін игере білу іскерліктері; қаржылық, математикалық, статистикалық, текстілік және стандартты функцияларды қолдану арқылы есептердің нәтижелерін алуға машықтандыру іскерліктері; эконометриялық және көптік регрессия есептерін компьютер көмегімен шығару жолдарын меңгере білу іскерліктері; әр түрлі құралдарды пайдалану арқылы болжау жүргізу тәсілдерін игере білу іскерліктері; электронды кестеде анимация мен тест құру әдістерін меңгеру іскерліктерін меңгеруі тиіс.
Пән мазмұны: Инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды, математикалық іс-әрекетін сипатына сай ойлауды, қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастырады.
|
- Teacher: Ултай Ешимова

Студенттердi оқытудағы мақсаты, оларды мұнай қабаттарын игеру кешенi (объектiсi) ретiнде оқып үйрену және моделдеу әдiстерiне, жер қойнауынан мұнайды алу технологиясына, мұнай және мұнайгаз кен орындарының игеру жүйесiн жасауға, кен орындарын игерудi жобалаудың кешендi техника-экономикалық әдiстерiне, игерудi талдау және реттеу әдiстерiне оқытып үйретуден тұрады.Студенттер теориялық бөлiмнен, практикалық сабақтар мен курстық жобадан тұратын курсты толық аяқтау нәтижесiнде технологияларды және қабаттардың мұнай бергiштiгiн арттыру әдiстерiн қолдана отырып мұнай кен орындарын игерудi, жобалаудың негiзгi инженерлiк әдiстерiн меңгеруi қажет және игерудi талдап, оны реттеудi жүргiзе бiлуi керек.Пәннің негізгі мазмұны, студенттердi оқытудағы мақсат, оларды мұнай қабаттарын игеру кешенi (объектiсi) ретiнде оқып үйрену және моделдеу әдiстерiне, жер қойнауынан мұнайды алу технологиясына, мұнай және мұнайгаз кен орындарының игеру жүйесiн жасауға, кен орындарын игерудi жобалаудың кешендi техника-экономикалық әдiстерiне, игерудi талдау және реттеу әдiстерiне оқытып үйретуден тұрады.
- Teacher: Мақсут Досжанов
Жылумен жабдықтау негіздері– студенттердің жылулық электр станцияның негізгі және қосымша жабдықтарының жұмысы мен негізгі құрылымы және кәсіпорындар мен қалалардың жылумен қамтамасыз етілуінің орталықтандырылған жүйелерін зерттеу болып табылады.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы
Құқықтың алуан түрлі субъектілері арасындағы дауларды шешу кезінде практикалық қызметті жүзеге асыруда іс жүгізушілік құқықтың нормалары мен алынған білімдерін қолдана білуге дағдылану.: Кәсіби қызметке кіріспе пәнің оқудың нормалары туралы, іс жүргізушілік құқықтық қатынастарының пайда болуы мен тоқталылуының негіздері туралы, іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, дәлелдеу процесі туралы, сот ісін жүргізу туралы, сот актілеріне шағым келтіру тәртібі және оны орындау туралы
- Teacher: Адилби Жусупов
Генетикалық деңгейде бұзылуларды тудыруы мүмкін қоршаған ортаның мутагендерімен таныстыру, гендік және хромосомдық мутациялардың жіктелуін, оларды тудыратын себептерді түсіндіру.
- Teacher: Мансур Юлдашов
Пән организмдердің онтогенетикалық даму заңдылықтарын, организмдердің дамуы кезінде пайда болатын молекулалық және генетикалық процестерді, сондай-ақ жеке дамудың барлық кезеңдеріндегі даму процестерін басқаратын факторлар мен механизмдерді зерттейді.
- Teacher: Мансур Юлдашов
«ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы» курсының мақсаты Студенттердің қылмыстық іс жүргізудің барлық мәселелері бойынша терең білім алып, қылмыстық іс жүргізу заңдарын жетік біліп, құқық қорғау органдары мен соттың қызметін жетілдірудің нысандары бойынша мағлұмат алуында. Студенттерге бұл пән қылмыстық процесс құқығының негіздерін үйрету, қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізу, қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың қызметінің мазмұны мен нысандарын білу мақсатында оқытылады.
- Teacher: Жолдыбай Успанов
Пәннің мазмұны: Оқушылардың іздеу танымдық міндеттерін шешу, техникалық құрастыру және модельдеу саласындағы жобалық іс-әрекет, сондай-ақ әртүрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеу дағдылары процесінде арнайы құзыреттілігі сипатталады Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тәрбиелеуді жүзеге асыру кезінде техникалық шығармашылықпен айналасу олардың рухани дамуында өте маңызды орын алады. Модельдер мен бұйымдар дайындау жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңу оқушылар бойына еңбекқорлық, қойылған мақсатқа жетудегі табандылық секілді қасиеттер мінез қалыптастыруға ықпал етеді.Қазіргі жағдайда оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту қажеттілігі, бірінші кезекте, педагогикалық жоғары оқу орындарында оқушылар бойына шығармашылық элементтерін себе алатын білікті кадрлар даярлау міндетін қояды.
- Teacher: Жанар Дуйсеманова
Тоқыма бұйымдарын бояғыштармен көркемдеп безендірудің тарихы бойынша білімді қалыптастыру;
* көркем безендірудің ерекшеліктерін зерттеу бояғыштарды әртүрлі тәсілдермен қолдану;
* * маталарды көркем әрлеуге арналған құралдар, материалдар, керек-жарақтар
бояғыштарды қолдану арқылы;
* шаруашылық ресімдеу саласында кәсіби құзыреттер алу
тоқыма бұйымдарын бояу, басу және матаны бояу тәсілдерімен;
* дәстүрлі өнердің эстетикасын түсінуге тәрбиелеу.
- Teacher: Жанар Дуйсеманова
Пән жануарлар мен адам ағзаларының негізгі жүйелерінің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктерін, организмдердегі физиологиялық процестерді қарастырады.
- Teacher: Галия Алибекова
Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы қазіргі заманғы заңнаманы және өз білімдерін тәжірибеде қолдана алатындарды, сондай-ақ құқықтық мемлекетті құру жолында үздіксіз процесс ретінде құқық пен мемлекеттің дамуы мен жетілдіру мәселелерін зерделеуді қарастырады.
Бұл курс сонымен қатар ғылыми пән ретiнде де қарастырылатындығын атап өткен жөн, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өз-ара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу жатады.
- Teacher: Молдабек Ахметов
Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы қазіргі заманғы заңнаманы және өз білімдерін тәжірибеде қолдана алатындарды, сондай-ақ құқықтық мемлекетті құру жолында үздіксіз процесс ретінде құқық пен мемлекеттің дамуы мен жетілдіру мәселелерін зерделеуді қарастырады.
Бұл курс сонымен қатар ғылыми пән ретiнде де қарастырылатындығын атап өткен жөн, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өз-ара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу жатады.
- Teacher: Айгуль Абдукерова
Курстың мақсаты төтенше жағдайлар немесе қауіп-қатер жағдайында қабілеті мен дайындығын көрсете білу, зақымдану ошақтарында авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар туындаған кезде өзінің және ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдау болып табылады.
- Teacher: Жора Жақсылықов
Пән ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайын, қорғалатын табиғи объектілердің маңыздылығын қарастырады
- Teacher: Алмасбек Бердібек
Cтуденттерді биологиялық әртүрлілікті, бірегей флора мен фаунаны сақтауға арналған Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарымен таныстыру. Табиғатты қорғау мәселелерін диагностикалауға, табиғатты қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге дағдыланады.
- Teacher: Дариха Сатаева
Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері, ақша айналысы: мазмұны, құрылымы, Қазақстандағы ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру, ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары, толықтырулар ретінде несиелік ұйымдардың қызметін қадағалау. Ақша-несиелік реттеудің құралы ретінде міндетті резервтер. Ақша несиелік реттеудің жүйесінде валюталық реттеу. Банктердің қайта қаржыландыру құралы ретінде ақша-несиелік реттеу.
- Teacher: Гульмира Муратбаева
«Ақша, Несие, Банктер» курсының сызбасы меңгеру процессін белгілі-бір дәрежеде оңайлатуға, ал керек кезде, осы курсты оқитын мамандықтар бойынша бөлінетін сағаттарды есептегенде, кейбір бөлімдерді немесе тақырыптарды калдырып кетуге мүмкіндік беретін құрылымдық түрде берілген.
- Teacher: Гульмира Муратбаева
Алаш автономиясы және Алашорда тарихнамасы. Алаштану мәселесінің зерттеу проблемалары. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы. ХХ ғасырбасындағы саяси ағымдар. Ұлттық интеллигенция және Мемлекеттік Дума. Қосөкімет жүйесіндегі Қазақстан. Қазақ комитеттерінің қоғамдық-саяси қызметі. Алаш партиясының құрылуы.Қазақ большевиктері «Үш жүз» партиясының құрылуы. Түркістан автономиясының жариялануы (қараша 1917 ж). Алаш автономиясының жариялануы. М.Шоқай және мұсылмандық қозғалысы
- Teacher: Алтын Еспенбетова
Алаш партиясы және Алаш орда үкіметінің қызметі
- Teacher: Сара Кеулимжаева
Жиындар
- Teacher: Ултай Ешимова
Сабақ өткізу түрлері мен әдістері, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру ережелері.
- Teacher: Жора Жақсылықов
Арнайы (түзету) мектепте бейнелеу өнеріне және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы практика
- Teacher: Гүлшат Ақышева
- Teacher: Айнагуль Табулова
Оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін, таихын, мәдениетін, заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінез-құлық ережесін білу кіреді. Оларды коммуникативтік және кәсіби әрекетінде іске асыра білу керек.
- Teacher: Гулжахан Снасапова
Арнайы мақсатқа арналған шет тілі (С1деңгей)
- Teacher: Лиза Нурмагамбетова
Пән студенттерді архив құжаттары негізінде зерттеулерді дайындау және құру бойынша архивтағы жұмыстың әдістерімен, түрлерімен және кезеңдерімен таныстырады. Базалық түсінік аппаратын және архивтанудың тарихи даму жолы туралы білім жүйесін қалыптастырады.
- Teacher: Алтын Еспенбетова
Тәртіп атыс қаруын қолдану қандай жағдайларда заңды екенін білуге бағытталған, атыс дайындығын ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы туралы, қауіпсіздік шаралары туралы, өзін-өзі қорғау және өзін-өзі қорғау түрлері туралы, оларды қолдану және күрделі және төтенше жағдайларда орындау әдістері туралы, сондай-ақ қарудың материалдық бөлігі туралы да, негіздері туралы да түсінік қалыптастыруға қару-жарақтың ішкі және сыртқы баллистикасы.
- Teacher: Марат Айтпанов
ҚР аудиторлық қызметі туралы заңды зерделеу, аудит түсінігі мен мәні бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің әдіснамалық негізі, тексеру барысында қолданылатын стандарттар.
- Teacher: Сарсенкуль Шураева
Пәннің мақсаты: елді мекендерді жоспарлау кезінде орын алатын инженерлік және қала құрылысы міндеттерін шешу бойынша білім мен практикалық дағдыларды игеру және жүйелеу.
- Teacher: Камалбек Байтасов
Биологиялық активтерді тану және бағалау өлшемдерін, сондай-ақ оларды "ауыл шаруашылығы"ХҚЕС 41 сәйкес қаржылық есептілікте ашуды қарайды. Құжаттық ресімдеу, шығындарды есепке алу және өнімнің шығуын калькуляциялау мәселелерін ашады.
- Teacher: Сарсенкуль Шураева
Ауыр тілдік бұзылыстарды түзету технологиялары
- Teacher: Сакен Ибраев
- Teacher: Айгуль Ескараева
Әдебиет теориясы – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін негізгі базалық пәндердің бірі. Әдебиет теориясы пәні көркем әдебиет заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану, семиотика ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырады. Курсты оқыту барысында әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері жан-жақты ашылады. Шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, әдебиет және таңбалар жүйесі, мәтін құрылымы, герменевтика мәселелері қарастырылады. Курста әдеби үдеріс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы толымды тұрғыда зерттеледі.
- Teacher: Берик Саймаганбетов
Музыка өнерінің орны мен маңызын, қазақ музыкасының тарихи дамуын зерттейді. Музыкалық өнер саласындағы тарихи, теориялық білімді игеруге көмектеседі. Болашақ мамандардың практикалық қызметінің кәсіби, педагогикалық және жеке мәселелерін табысты шешу үшін қазақ музыка тарихы саласындағы білімді меңгеруге ықпал етеді.
- Teacher: Дамели Косбармакова
Әлемдік мұхиттың экожүйесімен ластанудың биоөнімді және жеңіл теріс салдарларындағы ластаушы заттардың түсу арналарын анықтау және ағынын бағалау. Ластаушы заттардың жиналу деңгейлері мен байқалатын экологиялық өзгерістер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеуді қарастырады.
- Teacher: Акерке Тажекеева
теориялық конференциялар мен пікірталастар өткізу; - «Қалқан», «Ұлан» және т.б. әскери-спорттық ойындарды ӛткізу; - әскери оқу орындарына түсуге кандидаттарды таңдау және дайындау; - әскер ісі негіздерін меңгеру бойынша әскери-техникалық үйірме жұмысы мен ұйымдастыруда басшылықты іске асыру. Әскери-патриоттық тәрбиелеу сабақтары дәріс, семинар және іс жүзіндегі сабақтарда техникалық құралдарды пайдаланып оқыту формалары негізінде ӛткізіледі. Материалды оқыту кезінде оқу сұрақтары мәселелерін кең түрде тәжірибелендіру керек. Семинар барысында әр түрлі орта оқу орындарындағы әскерипатриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру, бастауыш әскери және дене шынықтыру дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысының жұмыс тәжрибиесі үлгілерін талқылау. Жоғары оқу орнына бекітілген базалық мектептер оқушыларымен ереже бойынша тәжірбиелік сабақтар кәсіптік-педагогикалық практика уақытында ӛткізіледі.
- Teacher: Маржан Касымбекова
Бұл курста инженерлік психологияның негізгі әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Оның пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, негізгі тұжырымдамалары қарастырылады. "Адам—машина" жүйесіндегі ақпараттық процестерге, ЖКС-дағы оператордың қызметін талдауға көп көңіл бөлінеді. Оператордың қызметін зерттеудің психологиялық, физиологиялық және математикалық әдістерінің сипаттамасы келтіріледі. Инженерлік-психологиялық зерттеулерді техникалық қамтамасыз ету, ЭЕМ қолдану және оператор қызметін модельдеу мәселелері қамтылады.
- Teacher: Айдана Жәрімбет
Курс оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін оқытады, оқу сауаттылығын меңгеруге ықпал етеді, тұлғаның жеке қасиеттеріне тұтас көзқарасты қалыптастырады, сонымен қатар интеллектуалдық еңбек мәдениетін, өзін-өзі тәрбиелеу және педагогикалық негізде тиімді шешім қабылдау мәдениетін қалыптастырады. білім. Қызметтік және жауынгерлік міндеттерді табысты шешу үшін әскери қызметшілер мен әскери құрамаларды оқытудың, тәрбиелеудің және оқытудың әскери-педагогикалық процесін және педагогикалық заңдылықтарын игереді.
- Teacher: Жора Жақсылықов
Несие-қаржы институттары торабының тарамдануы мен қаржы нарықтарының қызмет ету жағдайындағы банктік жүйелерді үйымдастыру және базалық принциптері, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезеңіндегі экономикалық реформаны жүргізудегі банктердің жаңа рөлі, ақшаның даму тарихы мен эволюциясы, ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- Teacher: Алмат Сейсекеев
БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
- Teacher: Нурлан Нурмаханов
Мектепке дейінгі ұйымдағы сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздерін, сауат ашу элеметтеріне оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін, сауат ашудың әр кезеңі бойынша тіл дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын меңгереді.
Владеет теоретическими основами методики обучения грамоте в дошкольной организации, современными методами и приемами обучения элементам грамотности, способами развития речи, организации учебно-воспитательной работы по каждому этапу обучения грамоте.
Knows the theoretical foundations of literacy teaching methods in preschool organizations, modern methods and techniques of teaching literacy elements, ways of speech development, organization of educational work at each stage of literacy training.
- Teacher: Гүлжан Баймағанбетова
Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді.
- Teacher: Ұлбосын Зинаханова
Балалар психологиясы
- Teacher: Маржан Касымбекова
Баламалы энергия көздерін пайдалану тиімділігі, пайдалану тиімділігін анықтауға үйрету және әр түрлі салаларда энергияны үнемдеу шаралары мен энергияны ұтымды пайдалану технологиялары туралы білім беру және балама энергия көздерін тиімді пайдалану тәсілдерін және энергияны үнемдеу шараларын және энергияны үнемдейтін технологияларды әр түрлі салаларда қолдану тәсілдерін білуге үйрету.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы
Банк өнімдері (қызметтері) нарығында қолданылатын заманауи маркетингтік концепцияларды, қазіргі банктік маркетингтің ерекшеліктерін, банк секторындағы инновациялық маркетингтік технологияларды және банк өнімдері (қызметтері) нарығында маркетингтік шешімдер қабылдау кезінде тәжірибелік құзыреттілік дағдыларын қалыптастырады
- Teacher: Сарсенкуль Шураева
Банктердегі аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарын, ҚР-дағы аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді зерделейді, банктерді аудиторлық тексеру рәсімімен, коммерциялық банктердің қызметіне ішкі және сыртқы аудит жүйелерін бағалау тәртібімен таныстырады
- Teacher: Дана Койбагарова
Мақсаты
- Teacher: Саламат Дәужігіт
Баскетбол ойыны туралы студенттерге заман талабына сай білім бере отырып, дене тәрбиесінің орны мен мақсаты туралы түсінік беру, шеберлік білімдерін қалыптастыра отырып білім беру мекемелері, колледж, гианазияларда білімділік мақсаттарын арттыру мен қатар, дене қимылдарын, жалпы спорт жұмыстарын жүйеге келтіру.
- Teacher: Вячеслав Ким
Мақсаты
- Teacher: Саламат Дәужігіт
Шығындар мен шығындар арасындағы айырмашылық ұғымы, олардың қызмет саласында қолданылуы. Материалдарды сақтау шығындары мен еңбекақы төлемдерін салыстыру. Смета жасау, өнім мен жұмыстың өзіндік құнын калькуляциялау. Курстың мақсаты: білім алушыларды өндірістегі эквивалентті бірліктердің есептеулерімен және калькуляцияларымен таныстыру
- Teacher: Дана Койбагарова
Басқару психологиясы – бұл басқару процестерін психологиялық тұрғыдан зерттейтін, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен ұйымдастырушылық процестерді тиімді басқаруға бағытталған психология саласы.
- Teacher: Ұлбосын Зинаханова

Басқару психологиясы - заманауи психологияның маңызды салаларының бірі. Басқару жүйесіндегі тұлғаны және әлеуметтік топтарды зерттей отырып, ол ұйымдық міндеттерді шешу мақсатында тұлғалық және топтық қызметтерді талдауға арналған. Басқару психологиясының объектісі - рухани және материалдық құндылықтар бойынша бірлескен басқару іс-әрекеттері саласындағы адамдар белсенділігінің әртүрлі формалары.
- Teacher: Айдана Жәрімбет
Баспасөздегі әдеби сын
- Teacher: Нурлан Нурмаханов
Бастауыш білім педагогикасы
- Teacher: Ұлтай Жүнісова

Білім алушыларды дене тәрбиесі саласы бойынша жұмыс атқару барысында пайда болатын қиыншылықтар мен кедергілерді кәсіби тұрғыда шешуге қажетті білімдер мен біліктерін қалыптасыру.
- Teacher: Ұлтай Жүнісова
- Teacher: Ұлтай Жүнісова
- Teacher: Казна Аймагамбетова
Бейнелеу өнері және оның жанрлары
- Teacher: Жанар Дуйсеманова
- Teacher: Жамал Абенова
Пәнге мектептегі биологиялық білім беру мен оқытудың заманауи бағыттары мен тәсілдерін ескере отырып, мектептің биология мұғалімін даярлау аспектілері оқытылады.
- Teacher: Алмасбек Бердібек
Пәнге мектептегі биологиялық білім беру мен оқытудың заманауи бағыттары мен тәсілдерін ескере отырып, мектептің биология мұғалімін даярлау аспектілері оқытылады.
- Teacher: Дариха Сатаева
Пән биопроцестің технологиялық негіздерін, биотехнологиялық өндірістің жалпы схемасын және оның ерекшеліктерін, экономикалық және метаболикалық коэффициенттерді - биотехнологиялық процестің тиімділік көрсеткіштерін қарастырады. Пәннің мақсаты: биотехнологиялық өндірісте қолданылатын микроорганизмдердің өндірістік-құнды штаммдарын бөліп алу және зерттеудің зертханалық әдістерін, микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің молекулалық механизмдерін зерттеу әдістерін меңгеру.
- Teacher: Айдана Аманкелдиева
Пән биопроцестің технологиялық негіздерін, биологиялық агенттер мен қоректік ортаны, биотехнологиялық өндірістің жалпы схемасын және оның ерекшеліктерін, экономикалық және метаболикалық коэффициенттерді - биотехнологиялық процестің тиімділік көрсеткіштерін қарастырады.
- Teacher: Дариха Сатаева
Пән оқыту нәтижелерін бағалауға критериалдық тәсілдің ғылыми-теориялық негіздерін үйренеді.
- Teacher: Дариха Сатаева
Бухгалтерлік есеп ұйым туралы ақпараттарды жинақтау, тіркеу және жалпылау жүйесі. Осы ақпараттар ұйымның шаруашылық қызметін басқару кезінде ресурстарды пайдалану бойынша альтернативті нұсқаларда таңдау үшін негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді.
- Teacher: Сарсенкуль Шураева
"Бухгалтерлік есеп тарихы" пәнін игерудің мақсаты Қазақстанда және шетелде бухгалтерлік есептің даму заңдылықтары, оның әдіснамасы және негізгі бухгалтерлік Санаттар туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
-бухгалтерлік есеп эволюциясы туралы білім алу; негізгі бухгалтерлік санаттарды зерттеу және ашу;
-тарихи процестердің әсерінен қалыптасқан бухгалтерлік есептің жалпы принциптері мен ерекшеліктерін белгілеу;
-бухгалтер мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Бұл пәнді игеру пәндерді оқу барысында алынған білімге, білікке, дағдыларға негізделген:
1. Экономикалық теория-курстың негіздері.
2. Бухгалтерлік есеп теориясы - толық курс.
"Бухгалтерлік есеп тарихы" пәні "Қаржылық есеп 1,2", "Бухгалтерлік (қаржылық) есептілік", "Бақылау және ревизия" сияқты пәндерді игеруге, сондай-ақ практикадан, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуге негіз болады.
- Teacher: Маржан Сағынаева
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты халықаралық стандарттарға сәйкес жүйелеу және студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін ұсыну. Сондай-ақ оларды шаруашылық операцияларды толтыру, есептеу және құрастыру кезінде қолдану.
- Teacher: Дана Койбагарова
Бейбіт және соғыс уақытында халық шаруашылығы объектілерінде Азаматтық қорғаныс іс-шараларын іс жүзінде жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар. Бейбіт және соғыс уақытындағы объектілерде өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру. Төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, қорғаныс құрылыстары туралы негізгі ұғымдар және радиациялық барлау құрылғыларын білу, жеке қорғаныс құралдарын жіктеу және оларды пайдалану. Жоспарлау, ұйымдастыру.
- Teacher: Марат Айтпанов
Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар
- Teacher: Нурлан Нурмаханов
Мұнайжәне газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясын, бұрғылау режимін жәнеқашаудың жұмыс көрсеткіштерін жобалауды, бұрғылаутәсілдерін жәнемұнай-газ барнысандарды герметикалықайыруды, сондай-ақ ұңғыны бұрғылаукезіндекездесетін шиеленістердің алдын алу және өнімді қабатты ашуды зерттеу болып табылады.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы

«Газ және газконденсатты кен орындарын игеру» кәсіптік пәндер қатарына жатады. Ол газ және газконденсат ұңғымаларын игеру және пайдалану саласы бойынша бакалаврды калыптастыруға ықпал етеді. Пәннің мақсаты студенттердің газ және газконденсатты кен орындарды игеру, ұңғымаларды пайдалану мен зерттеу мәселелерін қарастыру болып табылады. Табиғи газдардың құрамын, физика-химиялық және теплофизикалық қасиеттерін зерттеу.
Пәнде мұнай және газ кен орындарының флюидтері мен игеру жүйелері туралы негізгі түсініктері, кен орындарында мұнай мен газды игеру, жинау және дайындау жүйелерін жобалау бойынша жұмыстардың реттілігі, игеру процестерін бақылау әдістерін қарастырылады. Мұнай мен газ, қойнау қаттық суларының физикалық қасиеттері және әртүрлі технологииқ есептеулердің орындалуы туралы мәліметтер кельтіріледі. Газ және газ конденсаты кен орындарын игеру және игеру кезінде туындайтын жобалық және практикилық мәселелерді шешу үшін алған білімдерін қолдануға дағдыланады.
- Teacher: Мақсут Досжанов
Генетика тірі ағзаның екі негізгі ерекшелігін – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеуге және оның заңдылықтарын әртүрлі деңгейлерде зерттеуге арналған. Тұқым қуалайтын ақпаратты жасушадан организм деңгейіне, оның механизмдеріне, ақпараттық материалдың құрылымы туралы білім береді.
- Teacher: Айдана Аманкелдиева
Пән географиялық зерттеуде қолданылатын картографиялық және геоақпараттық әдістерді зерттеуге және карталар мен атластарды құрастыру, кеңістіктік-статистикалық талдау және экономикалық-географиялық процестерді модельдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
- Teacher: Жадыра Баширова
Оқытудың әдіснамалық негіздері, оқыту әдістері, мектеп географиясының мазмұны, географияны оқытудың түрлері мен әдістері, географияны оқыту үдерісі, географияны оқыту құралдары және олармен жұмыс істеу әдістері, географияны оқытуды ұйымдастыру формалары түсіндіріледі. Мектептегі геграфиялық кабинет пен географиялық алаң, сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру түрлері түсіндіріледі
- Teacher: Оразхан Айдаров
Мақсаты: «Геотехника» пәннің негізгі мақсаты инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі – құрылыс жұмыстарының теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы. Инженерлі – геологиялық жағдайын дұрыс бағалауға жол береді, процесті болжау және болуы, ғимарат салудағы табиғат құбылысы мен топыраққа түсетін ауырлықтың болуы; топырақ массивінің орнықтылығының жағдайы; іргетастың негізгі көлемін бергенде, топырақ негізін, құрылыстағы сапасын жақсарту.
- Teacher: Мұратбек Ембергенов
Пән студенттерге қазіргі шет тілінің грамматикалық құрылымын жан-жақты сипаттауды, оқытылатын шет тілінің заңдылықтары мен оның функционалды формаларын білуді қамтитын лингвистикалық білім жүйесін игеруге үйретеді. Нәтижесінде білім алушы ағылшын тілінің грамматикалық жүйесін ана және басқа да шет тілдерімен салыстыруды, нақты тілдік материалға грамматикалық талдау жүргізуді, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді.
- Teacher: Фируза Икромхонова
Пәннің мақсаты: «Ғимараттарды жаңғырту технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты болашақ мамандардың ғимараттарды қайта құру технологиясының теориялық негіздері, жалпы ережелері, жалпықұрылыс жұмыстары өндірісінің қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдері саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар негіздерін алуын қамтамасыз ету, сондай - ақ арнайы ғылыми-техникалық, анықтамалық және нормативтік әдебиеттерді пайдалана білуді оқыту болып табылады.
- Teacher: Камалбек Байтасов
Дефектолог-координатдың кәсіби іс-әрекеті практика
- Teacher: Гүлшат Ақышева
Пән Европалық Одақтың құқығына негізделген европалық құқықтық тәртіп түсінігі мен құрылымын қарастырады. Европалық Одақ құрылымы және европалық құқық түсінігі мен оның негізгі салалары оқытылады. Сонымен бірге европалық интеграция процесін реттеуші құқықтық нормалар жүйесі, европалық билік институттарының құрылу және жұмыс жасау тәртібі және онымен байланысты қоғамдық қатынастар қаралады.
мақсаты: Европалық интеграция процесін реттеуші құқықтық нормалар жүйесін, европалық билік институттарының құрылу және жұмыс жасау тәртібін үйрету.
міндеттері: - білім алушыларға Европалық құқық туралы қажетті білім кешенін беру және дағдылар қалыптастыру;
- европалық құқықтың негізгі түсініктері мен институттарын үйрету;
-Европалық Одақтың өкілеттіктерін, оның құқық жүйесінің негізгі қайнар көздерінің негізгі ережелерін оқыту.
- Teacher: Дилляра Булгакова
Елтану – мемлекеттерді кешенді зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениет және әлеуметтік ұйымдары жайлы мәліметтерді жүйелейтін және жалпылайтын географиялық пән. Елтану объектісі - әлемнің әлеуметтік-саяси ұйымдарының негізгі бірлігі ретіндегі елдер, сонымен қатар олардың ірі бөліктері мен аймақтық топтамалары.
- Teacher: Жадыра Баширова
Қазіргі кезде адамның бойындағы саулықты сақтауға бағытталған, ал науқасқа ұшыраған адамдарға көрсетілетін көмекті жақсарту үшін түрлі шаралар іске асырылуда. Бұл салада ерекше орын алатын тәсіл - емдік гимнастика мен массаж. Қазіргі кезде клиникалық медицина ғылыми түрде дәлелдеп, тәжірибе жүзінде тексеріп, адам денесіне нағыз қолайлы, физиологиялық жағымды сауықтыру тәсілі екенін көрсетті.
- Teacher: Нұржан Смаханов
Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау,диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу, маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
- Teacher: Ұлбосын Зинаханова
- Teacher: Айнагуль Табулова
Ерте жастағы балаларды түзету-дамыту технологиясы мен ойын әдістемесі (Табулова А.Б. п.ғ.к., доцент)
- Teacher: Айнагуль Табулова
Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы Шаймбетов Ж.М.
- Teacher: Жангельды Шаймбетов
Оқу курсында бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Америка елдерінің тарихын, соғыс аралық кезеңдегі халықаралық қатынастарды дамыту үрдістерін, экономикадағы ұлы депрессияның салдарын еңсеру проблемаларын, Батыс қоғамындағы маңызды оқиғалардың, жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін қарастырады.
- Teacher: Алтын Еспенбетова
Еуропа, Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
- Teacher: Сара Кеулимжаева
Жалпы биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
- Teacher: Галия Алибекова
Жаратылыстану негіздері
- Teacher: Ұлтай Жүнісова

Жарнама және баспа графикасы
- Teacher: Аппаз Жусупов
адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру жайлы білім алушыларды ұғындыру.мемлекет пен қоғамның қылмыстық қол сұғу қауіпсіздігін қаматамысз ету, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау
- Teacher: Шамшидин Амитов
Жеке даму биологиясы жекелеген мүшелер мен ұлпалардың даму механизмдеріне, сонымен қатар онтогенездің түрлік ерекшеліктерін зерттейді. Бұл пәннің мақсаты адам мен әр түрлі жануарлардың эмбрионалдық және постэмбрионалдық кезеңдеріндегі даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
- Teacher: Жарылқасын Өтесінов
Жеткізу тізбегіндегі көліктің рөлі және инфрақұрылым мен тасымалдау саясатының рөлі қарастырылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес жеткізу тізбегінде жоспарлау мен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер зерттеледі. Жеткізу тізбегінде жүктерді тасымалдау бойынша логистикалық қызметтер көрсету сапасын жақсарту процесін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді
- Teacher: Сара Марат
Журналистік шеберлік
- Teacher: Нурлан Нурмаханов
Журналистің шығармашылық шеберханасы мәселелері
Жоғары жылдамдықты көліктің даму тарихы, механикалық және электрлік жабдықтардың жұмыс принциптері мен құрылысы, заманауи жоғары жылдамдықты пойыздарға техникалық қызмет көрсету және пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. Жылдамдықты және жоғары жылдамдықты қозғалысты ұйымдастыру кезінде станциялардың шетелдік жұмыс тәжірибесіне талдау жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді
- Teacher: Айжан Қамысбаева
Темір жол көлігінің жылжымалы құрамы және поездар тартымының негіздері туралы білім беріледі. Тартқыш жылжымалы құрамның жіктелуі, құрылысы және конструкциясы; локомотивтік тартым теориясы; жөндеу және техникалық қызмет көрсету технологиясы; электрлендірілген темір жолдарды энергиямен жабдықтау кешені қарастырылады. Тарту есептеулері технологияларын және поездар тартымына арналған ресурстар шығынын нормалау әдістерін меңгеру дағдыларының негіздері беріледі.
- Teacher: Сара Марат
Қазіргі уақытта қайта жаңғырып отырған сөйлеу туралы дәстурлі ғылым шешендік (риторика) болып табылады. Бүгінгі таңдағы шешендікке, соның ішінде заңгердің сөз өнеріне қызығушылық шебер сөйлеу туралы ғылым ретінде ғана емес, сенімді және әсерлі сөз жасау ғылымы мен өнері ретінде пайда болып отыр.
Студенттерге Заңгердің сөз өнері сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту.Сондықтан болашақ заңгерлерге, Заңгердің сөз өнерін сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту маңызды болып келеді
- Teacher: Алтынгали Абдигалиев
Студенттерге Заңгердің сөз өнері сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту болашақ заңгерлерге, Заңгердің сөз өнерін сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту маңызды болып келеді
- Teacher: Молдабек Ахметов
Жүйке тінінің, жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің құрылысымен жүйелі түрде танысады, оның қызметінің және дамуының негізгі заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастырады, жүйке ауруларының түрлерімен, олардың жіктелуімен, себеп-салдарымен, патогенезімен, клиникалық көрінісімен жүйелі түрде танысуы үшін мәлімет алады.
- Teacher: Сара Жанибекова
|
Пән мазмұны: Кіріспе. Негізгі курс. Зияты зақымдалған балаларды тілге оқытудың ерекшеліктері. Арнайы (түзету) мектебінде сауаттылыққа үйрету. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту. Оқуға үйрету әдістемесі. Арнайы (түзету) мектебінде сыныптан тыс оқу. |
- Teacher: Гүлшат Ақышева
Зияты зақымдалған балаларды тілге оқыту ғылыми-әдіснамалық негіздері
- Teacher: Айгерім Рысқұлова
Пән иммундық жүйенің құрылымы мен қызметі, иммунопатологияның сипаты, этиология, патогенез, зертханалық диагностика әдістері туралы заманауи идеяларды қарастырады. Пәннің мақсаты: жасушалар, иммунитет органдары, антигендер мен антиденелердің құрылымы, вирустық және бактериялық антигендерге иммундық жауап туралы түсінік беру.
- Teacher: Айдана Аманкелдиева
Пән иммундық жүйенің құрылымы мен қызметі, иммунопатологияның сипаты, этиология, патогенез, клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностика әдістері туралы заманауи идеяларды қарастырады.
- Teacher: Дариха Сатаева
Мақсаты
- Teacher: Айнұр Нұрхашова
Инклюзивті білім беру практика
- Teacher: Гүлшат Ақышева
Инклюзивті білім берудегі Тьютор қызметі
- Teacher: Айнұр Нұрхашова
В результате изучения дисциплины осваиваются художественные тексты, учебники, учебные пособия, литературно-критические статьи и другие источники, раскрывающих особенности современного литературоведения как науки, достигается совершенствование навыков анализа отдельных произведений в свете современных достижений литературоведения и методики преподавания литературы совершенствование владения современной литературоведческой терминологией.
- Teacher: Айнур Оналбаева
Дисциплина направлена на изучение основных закономерностей и путей развития античной литературы и зарубежной литературы 17-18 веков. В программе дисциплины представлены хронология, основные литературные направления и стили изучаемого периода, представлены жанровые связи греческой и римской литературы эпохи Просвещения, их влияние на последующее развитие литературы.
- Teacher: Алима Абдукаликова
Ұйымның жоспарлау және есеп беру жұмыстарын, бизнес-жоспарларды, жиналыстарды және құжаттаманы жүргізе алады.
2. Құпиялылық режимі туралы және мемлекеттік тактиканы құрайтын мәліметтерге қол жеткізу тәртібі туралы ақпаратты біледі.
3. Іс жүргізудің нормативтік-құқықтық және әдістемелік негіздерін біледі
4. ҚР-да іс жүргізудің даму тарихы туралы білімді меңгеруге қабілетті
5. Кәсіби қызметтегі құжат айналымын түсінуді біледі
6. Ғылыми-зерттеулердің әдістерін және акдемиялық хатты біледі және оларды қолданады.
7. Заңды мән-жайларды сауатты бағалау және заңды фактілерді саралауды меңгереді
8. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын Пән қойылған міндетке сәйкес құжаттарды өз бетінше өңдеуді жүзеге асыруға, логикалық ойлауды дамытуға және іс жүргізуді және құпия құжат айналымын реттейтін ҚР заңнамасы мен өзге де нормативтік актілерін кәсіби қолдануды жүзеге
- Teacher: Смаилов Омербай
Қазіргі уақытта қайта жаңғырып отырған сөйлеу туралы дәстурлі ғылым шешендік (риторика) болып табылады. Бүгінгі таңдағы шешендікке, соның ішінде сот шешендігіне қызығушылық шебер сөйлеу туралы ғылым ретінде ғана емес, сенімді және әсерлі сөз жасау ғылымы мен өнері ретінде пайда болып отыр.Сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту. Сондықтан болашақ заңгерлерге сотта шешен сөйлеуді игеру дағдысын, жоғарғы дәрежелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында, жарыс сөз кезінде айыптау және қорғау сөздерін сөйлей ала білу қабілетін игерту маңызды болып келеді
- Teacher: Алтынгали Абдигалиев
Кәсіби бағытталған шетел тілі
- Teacher: Назым Кыдырбаева
Құқықтың алуан түрлі субъектілері арасындағы дауларды шешу кезінде практикалық қызметті жүзеге асыруда іс жүгізушілік құқықтың нормалары мен алынған білімдерін қолдана білуге : Құқық жүйелердің негізгі кезеңдерімен таныстыру;Құқықты негізге ала отырып құқыққолданушылық қызметтегі оның проблемалық аспектілерін анықтау арқылы іс жүргізушілік заңнамаға анализ жасау;Зерттеу жұмысына дағдыларын дамыту; Кәсіби қызметке кіріспе пәні өндірісіндегі жеке тұлғаның мүдделерін қорғанудың альтернативті, бітімгершілік әдістерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сот ісін жүргізудің бұқаралық-құқықтық тәртіп ретінде ұғыну.Кәсіби қызметке кіріспе пәнің оқудың нормалары туралы, іс жүргізушілік құқықтық қатынастарының пайда болуы мен тоқталылуының негіздері туралы, іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, дәлелдеу процесі туралы, сот ісін жүргізу туралы, сот актілеріне шағым келтіру тәртібі және оны орындау туралы
- Teacher: Зауре Ержанова
Кәсіби педагогика
- Teacher: Әбді Боранбаев
Кәсіби педагогика
- Teacher: Арайлым Әріпқожаева
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары; кәсіпорынның өндірістік процессінің элементтері; өндірістік-өткізу қызметінде негізгі, айналым капиталын және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалаудың құрылымы мен көрсеткіштері; шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау баптары; кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін техникалық-экономикалық талдаудың негізгі көрсеткіштері.
- Teacher: Алтынай Бодыкова
«Кәсіпорын қызметін кешенді экономикалық талдау» курсының басты мақсаты – талдау объектісін айқындау, кәсіпорындың ұйымдық-құқықтық нысандарын бағалау, өндіріс ресурстары және оны тиімді пайдаланудың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйрету және кешенді талдауды жүргізудің нәтижесін қарастырады.
Курсты зерттеу нәтижесінде студент экономикалық талдаудың мазмұны жайлы, оның мақсаты мен негізгі функциялары туралы ойы болуы керек, негізгі талдау әдістерін меңгеру, компания қызметіне стратегиялық және болжалдық жоспарлауларды жүргізе білуі.
Теориялық материалдар экономикалық талдаудың түрлі тәжірибелік есептері шығарылатын тәжірибелік сабақта бекітіледі.
Лекциялық курста кәсіпорынның өндіріс барысында пайдаланатын ресурстарды, соңымен қатар сату жәнеде басқа қызметіне байланысты қаржылық жағдайын, оған әсер ететін факторларды талдауда негізгі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Практикалық сабақта нақты кәсіпорынның көрсеткіштерін, өзгерістеріне талдау жүргізіледі.
- Teacher: Гульмира Муратбаева
Мұнай және мұнай өнімдерін құбыр арқылы тасымалдау, магистральдық мұнай құбырын жіктеу туралы түсінік береді. Магистральдық мұнай құбырын салуға арналған жобалық құжаттаманы зерделейді. Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау кезінде болатын процестерді есептеу және талдау, мұнай, мұнай өнімдері мен газды құбыр арқылы тасымалдау жүйелерін жобалау бойынша жұмыстарды орындау қабілетіне ықпал етеді.
- Teacher: Ләззат Бисенбайқызы
кітапханашы-библиограф, кітапханашы-ақпаратшы, кітапханашы-педагог кәсіби қызметінің мақсаттарын, әдіснамасы мен әдістерін түсіну;
- кітапханатану, кітаптану және библиографиялық көздер саласындағы іргелі білімдерді меңгеру;
- маркетинг, менеджмент және фандрейзинг, оқу-педагогикалық, библиографиялық қызмет саласындағы білім негіздерін білу;
- кітапхананың қаржы-экономикалық қызметінің мәнін түсіну;
- локальды және Ғаламтор Ғаламдық жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын, компьютерлік сауатты меңгеру,
- кітапхана ісі саласында коммерциялық және коммерциялық емес жобалар құруды үйрену
- Teacher: Даметкен Альмагамбетова
Каталогтардың түрлері мен формаларын, каталогтар мен картотекалар жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және редакциялауды игерту. Нәтижесінде болашақ мамандар кітапхана қорын жіктеуді және жаңа технологияларды пайдалану негізінде қызмет түрін автоматтандыруды үйренеді.
- Teacher: Даметкен Альмагамбетова
Кітапхана қоры кітапхананың жүйе бөлігі, «Кітапхана» жүйесіндегі кітапхана қорының орны туралы пікірлер мен көзқарастар эволюциясы, «кітапхана қоры терминінің пайда болуы», «кітапхана жүйесінде» кітапхана қорының тура және кері байланыстары, қордың әлеуметтік функциялары: сыртқы жүйелік және ішкі жүйелік, кітапхана қорының жүйе ретіндегі негізгі компонентер, кітапхана қорын қалыптастыру: мәні маңызы, мақсаты, принциптері, кітапхана қорын модельдеу, өңдеуге арналған тәсілдері, кітапхана қорын жайғастыру мен жеткізу, кітапхана қорын басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау және талдаулар туралы
- Teacher: Даметкен Альмагамбетова
Студенттерді кітапханалардың әдістемелік қызметтерінің пайда болу және қалыптасу тарихымен таныстырады, кітапхана ісінде қолданылатын инновациялық технологияларды меңгертеді, кеңес беру қызметіне дайындайды. Оқу барысында студенттерде инновациялық-әдістемелік қызметтің мазмұны, негізгі аспектілері, әдістемелік мониторинг жүргізу, әдістемелік ұсынымдар жасау туралы түсінік қалыптасады.
- Teacher: Даметкен Альмагамбетова
Пәннің мақсаты кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру бойынша жұмыс ұйымдастыруды, анықтама-библиографиялық аппаратын жасау, оқырманға ақпараттық-кітапханалық, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету мәселелерін түсіндіру. Оқу барысында студент автоматтандырылған анықтама-библиографиялық бөлімнің жұмысын, библиографиялық және ақпараттық жұмыс теориясы мен практикасын,кітапхана-библиографиялық классификация кестесін меңгереді.
- Teacher: Жамал Абенова
- Teacher: Жамал Абенова
Конфликтология – бұл қақтығыстардың (конфликттердің) пайда болу себептерін, олардың даму заңдылықтарын, құрылымын, түрлерін және оларды шешу әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Қақтығыстар адамдар, топтар, ұйымдар немесе қоғамдар арасында пайда болуы мүмкін, сондықтан конфликтология әртүрлі салаларда қолданылады: психология, әлеуметтану, саясаттану, педагогика, құқық және т.б.
- Teacher: Ұлбосын Зинаханова
- Teacher: Арайлым Әріпқожаева
Курс компаниялардың қаржы саласындағы корпоративтік басқару мәселелерін, экономиканың әртүрлі салаларында Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру ерекшеліктерін, қаржылық саясат пен стратегияны, компанияның қаржылық жағдайын, оның капиталын, ақша ағындарын, қаржылық тәуекелдерді басқаруды бағалаудың мазмұны, принциптері мен өлшемдерін қамтиды
- Teacher: Алмат Сейсекеев
Пәнді оқытудағы мақсаты мен міндеттері: студенттерде жүйесінің ғылыми және кәсіби білімдері мен дағдыларын көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бағдарлама автомобиль көлігіндегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін, теориялық және практикалық негіздерін зерттеуге бағытталған. Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоспарлау және іске асырудың негізгі әдістері, тәсілдері мен құралдары қарастырылады
- Teacher: Әнуар Тәжібайұлы
«Көліктегі метрология, стандарттау және сертификаттау » пәнінің мақсаты жас маманға келешекте толығымен жетілуге, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде техникалық шешімдерді өз бетінше қабылдауға, сондай-ақ, өлшейтін арналардың қосынды қателерін, өлшеу құралдарының қателері мен стандарттар тиімділігін есептеген кезде курстың практикалық негіздерін және әдістерін пайдалануды дағдылануға мүмкіндік беретін стандарттау, сертификаттау және метрология саласында студенттерге білім беруге құрылған.
- Teacher: Ерден Қодар
Көрнекілік құралдарын даярлаудың психологиялық-педагогикалық және ғылыми негіздері мен әдістемесі туралы түсінік беріледі. Әдістемелік пәндерден дидактикалық материалдар дайындаудың технологиялары қарастырылады. Көрнекілік дайындауда құралдарды тиімді қолдана білу және жас ерекшеліктеріне байланысты таңдауларын қадағалау жолдары қарастырылады.
- Teacher: Назгуль Чолпонкулова
Криминалистика пәнін оқыту процесінде студенттерге түсіндірілетін бірінші мәселе, криминалистика ғылымы мен оның мүмкіндіктерін іс жүзінде тиімді пайдалана білу құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби дайындығының негізгі көрсеткіші болып табылатындығын түсіндіру.
Криминалистиканы оқып-үйрену ол қылмыстық әрекеттердің іздерін, айғақ заттарды іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу әдістерін меңгеру, осы әдістерді жүзеге асыру үшін қолданылатын құрал-саймандарды қолдана білуді игеру. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оның нәтижелілігін арттыру үшін оңтайлы тактикалық тәсілдерді қолдануды үйрету. Қылмыстық істерді тергеу барысында қолданылатын әдістемелік ұсыныстарды пайдалануға машықтандыру арқылы тергеу жұмыстарының сапасын арттыруға септігін тигізу.
"Криминалистика" пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады
- Teacher: Ильяс Райханов
Криминология қылмыстылықты орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бір жағынан, қылмыстылық арқылы, қылмыстық әрекеттер арқылы қарайды. Криминологияның негізгі категориялары – криминологиялық зерттеу әдістемесі, қылмыстылық, оның себептері мен шарттары, қылмыскер тұлғасы және қылмыстылықтың алдын алу. Криминологиялық қылмыстың жағдайлары, құрылымы және динамикасы, оның әлеуметтік себептері, қылмыскердің тұлғасы және қылмыстыдан сақтандыру шаралары
- Teacher: Абилкасимов Динмухаммед
Курс направлен на освоение базовых понятий дисциплины (литературный язык, норма, культура речи, функциональный стиль, «языковой паспорт» говорящего, стилистика, деловое общение, и др.); повышение уровня речевой культуры, овладение общими представлениями о системе норм русского литературного языка; формирование коммуникативной компетенции.
- Teacher: Аксамал Кисикова

«Қабаттардың мұнай бергіштігін арттырудың техникасы мен технологиясы» пәнінің мақсаты білімалушылар қабатқа әр түрлі технологиялық әсер ету кезінде жүретін физикалық процестерді, сондай –ақ технологияларды жүзеге асыруға арналған техникалар мен техникалық жабдықтарды оқып білуге негізделген. Білімалушылар кәсіпшілік практикасын енгізілген қабатқа әсер етудің болашағы бар әдістерімен бірге мұнай бергіштікті арттырудың технологиясы және техникасымен танысады. Пәннің негізгі мазмұны, студенттердi оқытудағы мақсат, оларды мұнай қабаттарын игеру кешенi (объектiсi) ретiнде оқып үйрену және моделдеу әдiстерiне, жер қойнауынан мұнайды алу технологиясына, мұнай және мұнайгаз кен орындарының игеру жүйесiн жасауға, кен орындарын игерудi жобалаудың кешендi техника-экономикалық әдiстерiне, игерудi талдау және реттеу әдiстерiне оқытып үйретуден тұрады.
- Teacher: Мақсут Досжанов
Әдеби тіл анықтамасы, қызметі, оның жалпыхалықтық тілмен арақатынасы, әдеби тіл нормасы, әдеби тілдегі стильдер жүйесі саралана отырып, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихында болған әр дәуірге тән тілдік үлгілер, оның ерекшеліктері жөнінде білім алады.
- Teacher: Жазира Нұрсұлтанқызы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
- Teacher: Кадиркул Шаймаганбетова

Курс білім алушыларды ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы мен дамуымен, түрлі көркемдік бағыттары мен жанрларымен, белгілі қазақ ақындарының, жазушыларының, драматургтерінің өмірі мен әдеби қызметімен таныстырады. Курс аяқталғаннан кейін студенттер әртүрлі жанрдағы көркем шығармалардың мәтіндерін талдай және түсіндіре білуі керек.
- Teacher: Лаззат Сапартаева
Қазақ журналистикасының тарихы
- Teacher: Айткуль Шалгинбаева
Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын толық меңгеру арқылы үйренеді. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы тығыз байланыстылығын меңгереді.
- Teacher: Жазира Нұрсұлтанқызы
Пәннің мақсаты: студенттердің конституциялық құқық ғылымының түсінігін меңгеруі; оларды қолданыстағы нормативтік актілерді дұрыс түсінуге үйрету.Пәннің міндеттері: - студенттердің конституциялық құқықтық түсініктерді, құқықтық категорияларды, терминдерді ұғынуы; олардың санасында конституциялық құқықтың елдің ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі рөлі туралы; демократиялық қоғам туралы; құқықтық мемлекет, оның органдары мен институттары туралы; адам және азаматтың құқықтық мәртебесі туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру; құқықтық мемлекет туралы, ҚР қоғам құрылысының негіздері туралы, конституциялық заңдылық талаптары туралы, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты сақтау мен қорғау туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.Пән мазмұны: Курс студенттердің бойында конституциялық құқықтың ұлттық құқықтың негізгі саласы ретінде аса маңызды ғылыми-теоретикалық ережелері туралы, ҚР конституциялық даму тарихы туралы, Конституцияның ролі және функциялары туралы, адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы фундаменталдық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
- Teacher: Акмарал Пиржанова
Қазақстан деректануының қалыптасуы мен дамуы. Тарихи дереккөздердің түрлері, олардың жіктелуі. Деректанулық талдау әдістері мен әдістемесі. Қазақ халық ауыз әдебиеті тарихи дерек көзі ретінде.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша алғашқы жазба деректер.Статистика және мерзімді баспа тарихи дереккөз ретінде. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері тарихи дереккөз ретінде. Жеке тектік құжаттар тарихи дереккөз ретінде.Курста Қазақстан деректануының қалыптасуы мен дамуы, тарихи дереккөздердің түрлері, жіктелуі, деректанулық талдау әдістері, әдістемесі, халық ауыз әдебиеті, жазба деректер, статистика, мерзімді баспа, заңнамалық актілер, жеке тектік құжаттар тарихи дереккөздер ретінде қарастырылады.
- Teacher: Алтын Еспенбетова
Білім алушыларға экономиканы басқарудың нәтижелі жұмыс жасауына көп септігін тигізетін жаңа бағыттары мен кезеңдерін ашып көрсету.
- Teacher: Лаззат Спанова
«Қазақстандағы мемлекеттің қызметтің қалыптасуы мен дамуы» курсында мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа да мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар мен мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өзара қатынасын және тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыру әдістерімен толық меңгеру болып табылады.
- Teacher: Алтынай Бодыкова


